Қазақстанның бірнеше қаласында жаңа әуежайлар салынады
Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанның бірқатар қаласында әуежайлар салу және оларды реконструкциялау мәселесін қарастыруды тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап, abaidan.kz хабарлайды. Ведомство мәліметінше, 24 қаңтарда көлік министрі Марат Қарабаев елімізде шағын авиацияны дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиналысқа Абай, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары әкімдіктерінің, "Жетісу" және "Южное небо" әуекомпанияларының, сондай-ақ Үшарал, Үржар және Зайсан әуежайларының өкілдері қатысты. Кеңес барысында шағын авиацияны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Көлік министрлігінің басшысы Үржар, Үшарал, Зайсан, Катонқарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалаларында әуежайлардың құрылысы және оларды реконструкциялау мәселелерін қарауды, сондай-ақ шағын авиацияны дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.