Шығыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімі биыл 4,4 трлн теңгеге жуықтайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған облыс әкімі Ермек Көшербаевтың айтуынша, өңірде биыл жалпы сомасы 77 миллиард теңгенің 8 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Шағын және орта бизнесті дамытуға 22 млрд теңге бөлінген. Келер жылы өңірде «Жол жылы» деп жарияланып, 600 шақырымдай жол мен көшені жөндеу жоспарланып отыр. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Риддер жылу электр орталығында 6 қазандық агрегаты жөнделді. Кездесуді қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаев өңір халқының өмір сүру сапасын арттыру үшін облыс басшысына бірқатар міндет жүктеді.
Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымға көрсетіліп жатқан жүйелі қолдау шараларына тоқталды

Барнауыл қаласында салт-дәстүрімізді дәріптеп қайтқан семейлік тұрғындарға құрмет көрсетілді

Абай облысының әкімі Семейдегі 1988 жылдан бері жаңартылмаған жылу желісіндегі жөндеу жұмыстарымен танысты



