Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 723 қаралымabaidan.kz

365 күн артта - Семейде қызметін аяқтаған сарбаздарды қарсы алды

365 күн артта - Семейде қызметін аяқтаған сарбаздарды қарсы алды

Ақтау қаласында мерзімді әскери қызметін өткерген  сарбаздар қызмет мерзімі сәтті аяқталғаннан кейін Семей қаласына оралды. Әскери қызметшілердің салтанатты кездесуі теміржол вокзалында өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

365 күн артта - Семейде қызметін аяқтаған сарбаздарды қарсы алды

Темір жол бекетіне келген сарбаздарды ата-аналары, туыстары және достары қарсы алды. Әскери қызметшілердің оралу құрметіне әскери оркестрдің қатысуымен салтанатты рәсім ұйымдастырылды, бұл іс-шараға ерекше көңіл-күй сыйлады.

365 күн артта - Семейде қызметін аяқтаған сарбаздарды қарсы алды
365 күн артта - Семейде қызметін аяқтаған сарбаздарды қарсы алды

Абай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы  полковник Руслан Омаров құттықтау сөз сөйлеп, әскери борышын орындаудың маңыздылығын атап өтіп, сарбаздарға адал қызметі үшін алғысын білдірді.

365 күн артта - Семейде қызметін аяқтаған сарбаздарды қарсы алды

Іс-шара жылы және салтанатты жағдайда өтті, бұл әскери қызметшілердің өздері үшін де, олардың жақындары үшін де маңызды оқиға болды.