Абай облысы Аягөз ауданында «Битан тау» аллеясын тазалау жұмыстары жүргізілді
Акцияның негізгі мақсаты – жастардың назарын қоршаған ортаның ластану мәселесіне аудару, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Шараға туған жердің тазалығын сақтауға, абаттандыруға үлес қосқан 40-тан астам жас қатысты.
Белсенді жастардың өкілі Нұрилла Дәулетқызы «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдірді.
– Қаламызда апта сайын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Осындай шаралардың арқасында біз өскелең ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті сіңіріп жатырмыз. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты еңбекке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Бүгінгі акцияға жастардың белсенді қатысуы үлкен көрсеткіш деп ойлаймын», – дейді Нұрилла Дәулетқызы.
Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар жалғасатын болады.
#Абай облысы, #Аягөз, #"Таза Қазақстан" акциясы