Депутаттар Жарма ауданында.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов пен Ринат Зайытов Шар қаласы тұрғындарымен кездесті.


Кездесуде аудан тұрғындары Шар қаласына шағын қала статусын беру мәселесін көтерді. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан қалаішілік жолдарды жөндеу, балалар алаңын салу, көмірдің қымбаттығы, бағаны тұрақтандыру, жұмыспен қамту, интернет жылдамдығының төмендігі, инвотакси қызметінің керектігі, жайылымдық жерлер туралы мәселелер айтылды.










