Депутаттар Жарма ауданында
Депутаттар Жарма ауданында.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов пен Ринат Зайытов Шар қаласы тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде аудан тұрғындары Шар қаласына шағын қала статусын беру мәселесін көтерді. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан қалаішілік жолдарды жөндеу, балалар алаңын салу, көмірдің қымбаттығы, бағаны тұрақтандыру, жұмыспен қамту, интернет жылдамдығының төмендігі, инвотакси қызметінің керектігі, жайылымдық жерлер туралы мәселелер айтылды.
#Абай облысы, #депутат, #Нұртай Сабильянов, #Ринат Зайытов, #Жарма ауданы