Қарапайым еңбек адамы туған жеріне жанашырлық танытуда
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев «2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау керектігін айтты.
Қоғамда ондай адамдардың құрметті болары сөзсіз. Сондай азаматтың бірі - Мұхамед Хабидолданов. Жоғарғы білімді маман бола тұра, қарапайым тракторшы болып жұмыс жасады. Еңбек ете жүріп, әке ісіне ден қойды. Бүгінде шаруа қожалығын басқарып отыр. Туған жерінің көркеюіне де атсалысып жүр.
Хабидолданов Мұхамед Қалиқанұлы 1965 жылдың 16 шілдеде бұрынғы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілімалшы ауылында дүниеге келген.1972 – 1982 жылдары Абай орта мектебінде оқиды. 1982 жылы Үлгілімалшы совхозында құрылыс бөлімінде жұмыс істейді. Сол жылы Үлкенбөкен ауылындағы училищеде шофер мамандығы бойынша оқиды.1983-1985 жылдары Кеңес әскерінде азаматтық борышын өтеп келеді. 1986-1989 жылдары Новопокровкадағы училищеде гидромелиорация мамандығы бойынша білім алады.2017 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық –заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтайды.
1989 жылдан бастап Үлгілімалшы совхозының №3 фермасында тракторшы болып жұмыс істеді. 1995 жылдан бастап «Үлгілімалшы» совхозы тарағанға дейін еңбек ардагері, Ленин орденінің иегері әкесі - Хабидолданов Қалиқан«ҚалМұхЖом-Ахмет» шаруа қожалығын құрып, Мұхамед Қалиқанұлы күні бүгінге дейін әке ісін абыроймен жалғастырып келеді.
Еңбек ете жүріп, туған жеріне қолдау көрсетіп келеді. 2015 жылы «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Үлгілімалшы ауылындағы апатты көпірді ағымдағы жөндеуден өткізді, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішті жөндеуге демеушілік көрсетті. Сүлеймен ауылындағы зиратты өз қаражатына қоршады.
Хабидолданов Мұхамед Қалиқанұлы жыл сайыназ қамтылған отбасылар мен жалғыз басты зейнеткерлерге үнемі демеушілік көмек көрсетеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында округтің елді мекендерін абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізеді.
Мұхамед Қалиқанұлы - білікті, тәжірибелі, қайырымды, халықты құрметтейтін және ауыл шаруашылығы саласындағы іскер басшы.
"Қалмұхжом-Ахмет" шаруа қожалығы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосуда. Шаруашылық жетекшісі Мұхамед Қалиқанұлы еңбегі үшін бірнеше рет мемлекеттік наградалармен және алғыс хаттармен марапатталған: 2002-2003 ж Ауыл шаруашылық күніне орай Құрмет грамотасы, «Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығының озаты 2003-2005 жылдар» төс белгісі, 2010 жылы Көкпекті ауданы «Мал шаруашылығының үздік фермері», 2012 ж Құрмет грамотасы, 2014ж «Шыңғыстау -2014» облысаралық асылтұқымды мал жәрмеңкесі грамотасы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына Құрмет грамотасы, 2016 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінен «Ерен еңбегі» медалі; 2018 жылы – «Ауыл еңбегі үшін» медалі. 2021 ж «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі, 2022 жыл «Толағай табыстары» медалі. 2020 жылы Қазақтың ақбас тұқымы Республикалық Палатасының толық құқылы мүшесі Сертификаты.
Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған Мұхамед Қалиқанұлының өмір жолы бүгінгі жас буынға үлгі болады деген сенімдеміз.
#Жұмысшы мамандықтары жылы, #жұмысшы