Облыс әкімі сингапурлық инвесторлармен кездесті

Облыс әкімі сингапурлық инвесторлармен кездесті

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «International Cement Group LTD» компаниясы директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Вей Пингпен кездесті. 

Кездесу барысында «Sharcem» цемент зауытын жаңғырту жобасының нәтижелері мен алдағы даму жоспарлары талқыланды. Компания өкілдері кәсіпорынның жаңарту кезеңдері сәтті аяқталғанын атап өтіп, өндірістік қуатты арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Кездесуде әлеуметтік әріптестік мәселелері және компанияның өңірлік инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды. Сингапурлық инвестор «Semey Smart City» жаңа ауданының құрылысына қатысуға қызығушылық танытып, бұл бастаманың Семей қаласының тұрақты дамуына серпін беретінін атап өтті. Аймақ басшысы Абай облысы шетелдік инвесторларға әрдайым ашық әрі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында халықаралық әріптестіктің маңызды екенін айтты.


#Абай облысы, #инвестиция, #Берік Уәли