Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 34 қаралымabaidan.kz

Семейде аялдамалар мен көше жарығы жаңғыртылуда

Семейде аялдамалар мен көше жарығы жаңғыртылуда

Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті.

Кеңестің күн тәртібінде қоғамдық көлік аялдамалары павильондарының жай-күйі мен оларды күтіп ұстау, сондай-ақ қала көшелеріне жарықтандыру жүйелерін орнату және жаңғырту мәселелері қаралды.

Семейде аялдамалар мен көше жарығы жаңғыртылуда

Аталған бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділбек Увасилов пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Арыслан Айдарханов баяндады.

Қазіргі таңда қала аумағында 597 аялдама орны бар, оның 460-ы аялдама павильондарымен жабдықталған. Сонымен қатар, аялдама инфрақұрылымын дамыту және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 13 кәсіпкермен жылы аялдамаларды орнату және күтіп ұстау бойынша келісімдер жасалған. Бұл жұмыстар кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Семейде аялдамалар мен көше жарығы жаңғыртылуда

Сонымен қатар биыл қала аумағында 138 аялдама павильонын орнату жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 100-і орнатылды. Бұдан бөлек, аялдама орындарының санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында келісімшарт аясында 200 қоқыс жәшігін орнату көзделген.

Кеңес барысында қала көшелерін жарықтандыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. 2026 жылы жаңа көше жарығын орнату бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда қаланың 25 көшесінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Жарықтандыру желілері жүргізіліп жатқан учаскелердің жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайды.

Қазіргі жағдай бойынша 577 көше жарығының тірегі орнатылды. Қазіргі уақытта СИП кабелін тарту және жарықтандыру шамдарын монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Семейде аялдамалар мен көше жарығы жаңғыртылуда

Қала әкімі жауапты бөлім басшыларына аялдамалардың санитарлық және техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, жаңа аялдамаларды орнату жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ көше жарығын орнату кезінде тұрғындардың өтініштері мен қауіпсіздік мәселелеріне басымдық беру қажеттігін атап өтті.

«Аялдама павильондары – қала тұрғындары күнделікті пайдаланатын нысандар. Сондықтан олардың таза, жинақы, қауіпсіз әрі пайдалануға қолайлы болуы қамтамасыз етілуі тиіс. Көше жарығы – ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі. Әсіресе, кешкі уақытта адамдар көп жүретін көшелерді, әлеуметтік нысандардың маңын, аулалар мен қаланың шеткі шағынаудандарын жарықтандыруға ерекше көңіл бөлу қажет.Қазіргі таңда бұл бағытта белгілі бір жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенмен, атқарылған жұмыстың нәтижесі нақты көрініп, тұрғындар оның тиімділігін сезінуі керек», – деді қала әкімі.