Абай облысында «Ес-Аймақ» республикалық фестивалі өтті
Абай облысында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Ес-Аймақ» республикалық халықтық театрлар фестивалі өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі облыстық әкімдіктің сапасөз қызметіне сілтеме жасап. Фестивальге Республиканың әр облысынан «Халықтық» атағы бар театрлар қатысты.
Қатысушылар ішінде Алматы облысы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ұлытау, Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Абай облысының халықтық театры бар. Фестиваль нәтижесінде «Ең үздік қойылым» – Гран-при жүлдесіне Алматы облысы, Іле аудандық «Ақши» халық театры ие болды.
Түрлі аталымдар бойынша,
«Үздік эпизодтық рөл» - Ұлытау облысы, Ұлытау аудандық «Кеңгір» халық театры Қарлығаш Әбдіжәкенова;
«Ең үздік әйел адам бейнесі» - Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі аудандық «Мұрагер» халық театры Әсель Молдағалиева;
«Ең үздік ер адам бейнесі» - Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы, «Ақжар» халық театры Айдар Асаубаев;
«Үздік актерлік ансамбль» - Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық халық театры;
«Үздік режиссерлік шешім» - Қызылорда облысы, Сырдария аудандық халық театры;
«Ә.Өмірзақова атындағы арнайы сыйлық» - Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық «Дарын» халық театры;
«Т.Жүргенов атындағы арнайы сыйлық» - Абай облысы, Ақсуат халық театры.
Фестиваль Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Бақыт Беделханның «Үш бәйтерек» спектаклімен аяқталды.
#Абай облысы, #Фестиваль, #театр