Абай облысында Республика күнінде  100-ден астам мерекелік іс-шаралар өтеді

Абай облысында Республика күнінде 100-ден астам мерекелік іс-шаралар өтеді

Облыстың қалалары мен аудандарында бір мезгілде Мемлекеттік Туды көтеріп, Қазақстан Әнұраны орындалады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды өз еліне деген сүйішпеншілігін білдіретін «Менің Республикам» хэштегімен челлендж өтеді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Патриоттық рухты көтеру үшін облыс орталығы мен аудан орталықтарында авто және вело-шерулер жоспарланған. Мерекенің маңызды бөлігі әлеуметтік маңызы бар нысандардың салтанатты ашылуы болмақ. Осылайша, Бородулиха ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Үржар ауданы Таскескен ауылында заманауи спорт модулі, Мақанша ауданындағы спорт залы күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға беріледі. 
Сондай-ақ облыс тұрғындарына маңызды әлеуметтік сыйлықтар – жаңа пәтерлердің кілті табысталмақ. Қалалар мен аудандарда салтанатты шаралар өткізіліп, 70-тен аса отбасы квартира алады.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі Республика күніне орай қалалар мен аудандарда ұйымдастырылатын іс-шаралар тізімін ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


#Семей, #Абай облысы, #мәдениет, #Республика күні