Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінде фестиваль өтті

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінде фестиваль өтті

Шараға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары, этно-мәдени орталықтары, зиялы қауым өкілдері мен жастар, қала тұрғындары  қатысты,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фестивальдің салтанатты бөлімінің шымылдығын Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және Мағжан Жұмабаевтың бейнелерін сомдаған Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театры әртістері ашты. Алаш арыстарының даналық өсиеттерін халық назарына ұсынды.

Фестивалі барысында ұлттық және интеллектуалдық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып, көрермендер мен мақал-мәтелдер мен жаңылпаштар айтудан бақ сынасты. Облыс қолөнершілерінің жәрмеңкесі өтті.

Көңілді кеште Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филармониясының және қалалық мәдениет сарайының әншілері, Бесқарағай ауданынан келген «Воскресенье» вокалдық тобы мен жас таланттар өнер көрсетті.

Фестивальдің арнайы қонақтары Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздары "Алатау серілері" тобы әннен шашу шашты.


#Семей, #Абай облысы, #Фестиваль, #тіл