«Інжу-маржан» байқауы еліміздің әр өңірінен келген 19 әншінің басын қосты

«Інжу-маржан» байқауы еліміздің әр өңірінен келген 19 әншінің басын қосты

Үржар ауданында белгілі әнші, ақын, сазгер Әсет Найманбайұлының шығармашылығына арналған «Інжу-маржан» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтіп жатыр,-деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Байқауға әр қала мен ауданнан келген өнер өкілдері, облыстық мәдениет мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, еңбек ардагерлері қатысып отыр.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Сайыста республиканың түкпір-түкпірінен келген 19 дәстүрлі әнші өз бақтарын сынайды. Олардың қатарында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев, Ардақ Исатаева, Ерлан Рысқали, Берік Омаров, Нұржан Жампейісов пен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі Нариман Әбдірахманов бар.

Іс-шара аясында әншінің ескерткішіне гүл қою рәсімі, Әсет Найманбайұлына арналған мұражайға экскурсия ұйымдастырылып, қонақтар сазгердің шығармашылық әлемімен танысып, оның өмірі мен мәдениетке қосқан үлесі туралы мағлұмат ала алады.


#Абай облысы, #"Інжу-маржан" байқауы, #Үржар ауданы