Ауған соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті

Ауған соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті

Биыл Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына - 35 жыл. Осыған орай, Абай облысында ауған соғысынан қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті. Жиналғандар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Айта кетейік, Абай театрында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Семей қаласының жетекші әртістерінің қатысуымен концерт өтеді.
 


1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің соңғы колоннасы Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағынан шықты. Соғысқа 10 жыл ішінде 22 296-ға жуық қазақстандық қатысты, оның ішінде мыңнан астам солдаттар мен офицерлер бұрынғы Семей облысынан, 500-ге жуық адам Семей қаласынан болды.


#Семей, #Абай облысы