Оқыс оқиғада жарақат алған баланың жағдайы ауыр

Оқыс оқиғада жарақат алған баланың жағдайы ауыр

Абай облысы Бестерек ауылында болған оқыс оқиғада қаза болған 2 жасар баланы бүгін туыстары жер қойнауына тапсырды. Ал Үржар аудандық ауруханасында ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқан қыздың жағдайында еш өзгеріс жоқ. Жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен дем алып жатқан 9 жасар қыз өмір үшін күресіп жатыр. Астанадан келген білікті дәрігерлер ішкі ағзаларына, бас миына   бірнеше операция жасаған болатын. Маманда бала есін жиып, жағдайы тұрақталса бірден Астанаға апаруға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Бас миына трепанация отасы жасалды.  Қазіргі кезде жағдайы тұрақты ауыр. Әлі ешқандай өзгеріс жоқ. Бірқалыпты. Жасанды тыныс алу аппаратында. Қазіргі кезде күтуден басқа амал жоқ. Ешқандай болжам айта алмаймыз,-дейді Мадина Ноғайбаева Үржар аудандық аурухана басшысының орынбасары.


#Абай облысы, #Үржар ауданы