Мәжілісмен қоғамдық қабылдау өткізді
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Н. Сабильянов Абай облыстық партия филиалының ғимаратында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға облыстық партия филиалының төрағасы Қ. Сүлейменов қатысты.Мәжіліс депутатының қабылдауына 30 адам келді.
Тұрғындар қоғамдық көліктің қала ішінде қатынауы, саяжайлардың инфрақұрылымын жақсарту, жарықпен қамту, баспана, ядролық сынақтардан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсету сынды өзге де бірқатар мәселелерді көтерді.
Депутат әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заңдылығына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
#Семей, #Абай облысы, #депутат, #Нұртай Сабильянов