Сайлау 31 қаралымabaidan.kz

Айбек Ағыбаев: сенімге адалдық - елге қызмет!

Айбек Ағыбаев: сенімге адалдық - елге қызмет!

Ағыбаев Айбек Алтайұлы – №14 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қаласының тұрғындарының мүддесін қорғауды басты мақсат еткен азамат.

Оның негізгі басымдықтары – қаланы абаттандыру, білім беру сапасын арттыру, жастарды қолдау, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және экология мәселелерін дамыту.

Айбек Алтайұлы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына сүйене отырып, жолдар мен аулаларды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, балалар және спорт алаңдарын салу, қоғамдық орындарды көркейту мәселелерін көтеруге басымдық береді.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарының жағдайын жақсарту, педагогтарды қолдау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету бағыттарына ерекше көңіл бөледі.

Халықпен ашық диалог орнату – оның жұмысындағы маңызды қағидаттардың бірі. Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу, азаматтарды қабылдау, өзекті мәселелерді мәслихат отырыстарында көтеру және депутаттық сауалдар жолдау арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздейді.

Айбек Ағыбаевтың басты ұстанымы – ашықтық, адалдық және жауапкершілік. Оның мақсаты – әр тұрғынның үнін естіп, Семей қаласының дамуына және халықтың өмір сапасын жақсартуға өз үлесін қосу.

 

№ 14 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Айбек Ағыбаевтың  сайлау қорынан төленді.