Абай облысында алғаш рет «Abay Open» республикалық турнирі өтуде

Абай облысында алғаш рет «Abay Open» республикалық турнирі өтуде

Абай облысында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында алғаш рет «Abay Open» турнирі ұйымдастырылды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпаратық агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі күнге созылған сайысқа еліміздің үш қаласы мен барлық облыстарынан 350-ге жуық спортшы қатысуда. 

Республиканың әр аймағынан іріктелген балуандар 14 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде белдесті.  «Abay Open» турнирінің ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. 

Аймақ басшысы құттықтау сөзінде спортшыларға сәттілік тілеп, дзюдо күресін жастар арасында дамытудың маңызын атап өтті.  

«Өңірімізде дзюдо спорты қарқынды дамып келеді. Аймақ спортшылары Қазақстан чемпионатында топ жарып, Азия және ел чемпионатында ел намысын абыроймен қорғауда. 2025 жылы Қазақстан чемпионатының Семей қаласында өтетінін зор қуанышпен атап өткім келеді. Бұл біз үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Біздің мақсатымыз — дүбірлі доданы жоғары деңгейде өткізіп, еліміздің үздік дзюдошыларына әділ әрі тартысты жарыс ұйымдастыру» деді облыс әкімі.

Өңір дюздошылары соңғы жылдары табысты өнер көрсетіп жүр. Биыл Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс құрамасы екі алтын, үш күміс, екі қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді. 

Шара барысында елімізде дзюдоның дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы Айдар Қайырбаев пен Виталий Сопов «Дзюдо тарланы» төсбелгісі және Қазақстан дзюдо федерациясының Алғыс хатымен марапатталды. 

Сондай-ақ, облыс әкімі турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.


#Спорт, #Абай облысының әкімі, #дзю до