Әлихан Смайылов: 2023 жылы ел экономикасы 4,5-5%-ға өседі деп күтілуде

Әлихан Смайылов: 2023 жылы ел экономикасы 4,5-5%-ға өседі деп күтілуде

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астанада өтіп жатқан «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумында Қазақстан экономикасының қалай дамып жатқаны туралы айтып берді,-деп хабарлайды abaidan.kz АА primeminister.kz сілтеме жасап. Үкімет басшысы бүгінгі таңда республика экономикасы сыртқы келеңсіздіктерге бейімделіп, тұрақты даму жолына түскенін атап өтті. 

Атап айтқанда, өткен жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 3,3%-ға өскен. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 27%-ға көбейді, осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны 18%-ға өсіп, 4,1 млн-ға жетті, ал экономикадағы ШОБ үлесі 33%-дан 36,5%-ға дейін ұлғайды. Нақты өсім құрылыс саласында 12%-ды, сауда-саттықта 10%-ды, байланыс саласында 9%-ды, көлік саласы бойынша 7%-ды, өңдеу өнеркәсібінде 3,3%-ды құрады. Сонымен қатар Әлихан Смайылов Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі азық-түлік бағасын тұрақтандыру екенін атап өтті. Ол үшін бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен форвардтық келісім-шарттар жасасуды, азық-түлік бойынша тұрақтандыру қорларының белсенді жұмысын, көкөніс қоймаларының құрылысын, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуді және т.б. көздейтін инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені іске асырылуда.