Үржар ауданында шаруалар бас қосты

Үржар ауданында шаруалар бас қосты

Аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков және Абай облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ертай Қуанбаевтың қатысуымен ауылшаруашылық саласының өзекті мәселелері талқыланды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Шаруа қожалық жетекшілеріне «Көктемгі егістік науқанына дайындық жұмыстары, жеңілдетілген пайызбен берілетін несиелер және лизингке ауылшаруашылығы техникаларын алу жолдары» туралы сұрақтар талқыланды.


#Абай облысы, #Үржар ауданы