Ойын бизнесі және лотерея қызметін реттеу: заңнамадағы негізгі жаңашылдықтар

Ойын бизнесі және лотерея қызметін реттеу: заңнамадағы негізгі жаңашылдықтар

Тиісті заңға 8 шілдеде қол қойылды. ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев атап өткендей, құмар ойындар мен бәс тігуді, оның ішінде СМС-хабарламалар арқылы жарнамалауға шектеу қойылады,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Букмекерлердің сыртқы жарнамасына, соның ішінде көлік құралдарында жарнамалауға тыйым салынады. Букмекерлік кеңселер, спорт ғимараттарына және спортшылардың жабдықтарына ғана ерекшелік жасалады. Осыған ұқсас норма масс-медиаға, оның ішінде интернет-ресурстарға қатысты қарастырылған. Бұдан былай азаматтар букмекерлік кеңселерді жарнамалайтын SMS-тер алмайды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 
Сонымен қатар, Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген адамдарды құмар ойындарға жіберуге және бәс тігуге тыйым салынады. Мұндай адамдар саны, уәкілетті органның деректері бойынша, шамамен 3,5 млн құрайды. 
«Норма азаматтарды ұтыс тігіп, соның есебінен қарыздарды жабуға тырысу әрекетінен қорғайды», - деп атап өтті Мирас Төлебаев. 


#заң